Биылдан бастап 81 ХҚКО жаңғыртылған түрде жұмыс істеп жатыр

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат -  Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметін үйлестіру комитетінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдан бастап 81 халыққа қызмет көрсету орталығы жаңғыртылған түрде жұмыс істеуде,
None
None

солардың ішінде Ақмола облысына қарасты 19 аудандық ХҚКО бар. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Естеріңізге салып өтсек, Астана және Алматы қалаларындағы 28 ХҚКО 2011 жылы жаңғыртудан өткен болатын. Оның барысында мемлекеттік қызметтерді ұсынудың бизнес-үдерістері өзгертіліп, кедергісіз қызмет көрсету әдісі мен бірыңғай электрондық кезек енгізілді, ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аумағы үлкен ХҚКО-да электрондық үкімет бұрыштары ұйымдастырылды. Аталған бұрыштарда кеңесшілер электрондық анықтамалар мен электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу тәртібін, салық және айыппұлдарды төлеу тәртібін үйретіп, ақпараттық кеңес береді.

Жаңартылған ХҚКО-да келушілердің өздеріне қызмет көрсеткен қызметкерлердің жұмысын бағалау мүмкіндігі іске асырылды. Әр азамат өзінен құжат қабылдап, тиісті ақпарат берген орталық қызметкерінің жұмысына баға беруі тиіс. Жаңғырту барысында атқарылып жатқан шаралардың барлығы да халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

Осы жылдың соңына дейін республиканың барлық ХҚКО-ын жаңғыртудан өткізу жоспарланған.

 

 

Соңғы жаңалықтар