Биылдан бастап еурокодтарды енгізу басталады - С. Нокин

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2011 жылдың бірінші жартысында еліміздің құрылыс саласында еурокодтарды енгізу және практикалық қолдану басталады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

Жиын барысында құрылыс саласындағы техникалық реттеу жүйесін реформалау шараларына тоқталған агенттік төрағасы, еурокодтарға ауысуды көздейтін бұл үдерістің бірнеше жылдарға жалғасатынын атап өтті. С. Нокиннің айтуынша, 2010 жылы аталған саладағы реформаның бірінші кезеңі жүзеге асып, ол бойынша «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары және бұйымдарының қауіпсіздігі» регламенті, еурокодтарға сәйкес келетін қазақстандық құрылыс нормалары сарапталған.

«Үкімет талаптарына сәйкес, елімізде 2011 жылдың алғашқы жартысында еурокодтарды енгізу және практикалық қолдану басталады. Бұл озық технологияларды және инновацияларды пайдалануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекет аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде техникалық кедергілерді жоюға мүмкіндік береді. Бұл ретте еурокодтармен қатар ауыспалы кезеңде елімізде қазақстандық нормативтер де қолданылатын болады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларын есептеу және жобалау жөніндегі ережелер жинағы мен құралдарды әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс көлемін атқару жоспарланып отыр», - деді С. Нокин.

Соңғы жаңалықтар