Биылдан бастап Қазақстан кедендік рәсімдеу орталықтарында әйелдер ұжымы ғана қызмет етеді

«Комитетте «Әдемілік әлемді құтқарады деген жоба қолға алынды. Ол бойынша елдегі кедендік рәсімдеу орталықтарының ұжымы тек әйелдерден жасақталмақ. Бүгін Астана бойынша барлық қызметкерлер жеке және кәсіби қасиеттерге қатысты сынақтан өтті. Қазіргі уақытта Астанадағы кедендік рәсімдеу орталығы 100 пайызға әйелдерден құралып отыр», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Департамент басшысының атап көрсеткеніндей, қазақстандық әйелдер жемқорлыққа бара бермейді, құжаттарға да мұқият келеді. Осыған байланысты аталған жоба қолға алынды.
«Мұндай шараның жүзеге асырылуының арқасында бюджетке түсетін түсімдердің көлемі артып, мемлекеттік қызметтің сапасы артты, адамдардан түсетін шағымдар да кеміді. Аталған жоба республикадағы өзге де орталықтарға да енгізіледі. Біз жылдың соңына қарай кедендік рәсімдеу орталықтарының ұжымын толықтай әйел қауымынан құрайтын боламыз», - деп атап өтті Е.Біржанов.