Биылдан бастап жол сақшыларының жалақысы 3 есе көбейді ? Б.Айқымбеков

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Биылдан бастап жол сақшыларының жалақысы 3 есе көбейді.
None
None
Бұл туралы бүгін Ішкі істер департаментінің баспасөз орталығында өткен апта сайынғы брифингте Астана қаласы ІІД Жол полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бақыткелді Айқымбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Жол полициясы қызметкерлерінің жалақысын көтеру жемқорлықтың азаюына септігін тигізеді деп сенеміз. Сонымен бірге, бұл қадамдардың барлығы құқыққорғаушылардың арасындағы бармақ басты, көз қысты әрекеттерді тиюға және жол сақшыларының мәртебесін жоғарылатуға бағытталған», - деді брифингте Бақыткелді Айқымбеков.«Егер жол сақшыларының тарапынан қандай да бір заң бұзушылық немесе теріс әрекет болған жағдайда сенім телефондарына байланыса аласыз», - деп атап өтті полиция полковнигі.Сонымен қатар, осы жылы ЖПБ саптық бөлімшелерінің жеке құрамын 100 пайыз аттестациядан өткізу жоспарланып отыр. Полиция қызметкерлері бұл тұрғыда заңдылық және өзге де құқықтық-нормативтік актілер бойынша білімдерін, өздерінің жауынгерлік және қызметтік дайындықтарын көрсетулері тиіс.
Соңғы жаңалықтар