Биылдың аяғына қарай мемлекеттік тілді меңгерудің бірыңғай типтік жүйесі қалыптасатын болады
АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Биылдың аяғына қарай мемлекеттік тілді меңгерудің бірыңғай типтік жүйесі қалыптасатын болады.
Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Дархан Мыңбай мәлім етті.
Министрдің сөзіне қарағанда, еліміздің 130 тілді оқыту орталықтары оқытудың базалық құралдарын иеленетін болады.
Бұдан бөлек, Д. Мыңбай өткен жылы Қазақстанның барлық аймақтарында үлкен көлемде қазақ тіліндегі әдебиеттер мен әдістемелік құралдар таратылғанын жеткізді. Онда алғашқы рет шығарылып отырған энциклопедиялық әдебиеттер, балалар мен ересектерге арналған көптомдық көркем шығармалар, танымдық, әдістемелік әдебиеттер мен басқа да кітаптар қамтылып басылған. «Осындай 300-ге жуық атаулармен шыққан жобалар алғашқы рет көпшілікке қолжетімді болу мақсатында Интернет желілерінде орналастырылды», - деді министр.