Биылғы 1-ші тоқсанда Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 6,3 пайызға төмендеді

АСТАНА. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 6,1 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті,

Биылғы 1-ші тоқсанда Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 6,3 пайызға төмендеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылдың соңында жұмыссыздар саны 523 мың адам болып, жұмыссыздық деңгейі 6,3 пайызға жетсе, осы жылдың бірінші тоқсанының соңында жұмыссыздық деңгейі 6.1 пайызға төмендеді, деді кеңесте Г. Әбдіхалықова.

Оның айтуынша, еліміздегі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне Жол картасы аясында атқарылып жатқан ісшаралар септігін тигізіп отыр.