Биылғы 10 айда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 22,6 пайызға өскен

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымының көлемі 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,6 %-ға артып, 76 млрд 782,1 млн  долларды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.
None
None

Есепті кезеңде экспорт көлемі 49 млрд 995,4 млн долларды (өткен жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғандағы өсім - 29,3%), импорт көлемі 26 млрд 786,7 млн долларды (+11,7%) құрады.

Соңғы жаңалықтар