Биылғы 10 айда Қазақстанның ЖІӨ 5,8 пайызға өсті - Е. Орынбаев

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жалпы ішкі өнім нақты мәнде 5,8 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті.

Биылғы 10 айда Қазақстанның ЖІӨ 5,8 пайызға өсті - Е. Орынбаев
Оның сөзіне қарағанда, 2012 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 12 мың АҚШ долларын құраса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 13 мың 326 долларға жетеді деп күтілуде. Атап айтқанда, Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша Қазақстан 2011 жылы орташа деңгейден табысы жоғары елдердің қатарына еніп, бүгінде Түркия, Бразилия, Малайзия секілді елдермен қатарласып, бұл бағыттағы өзінің көрсеткіштерін нығайта түсуде.