Биылғы 10 айда өнеркәсіптік өндірістің өсімі 4 пайызды құрады - Экономикалық даму және сауда министрі

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы 10 айда өнеркәсіптік өндірістің өсімі 4 пайызды құрады. Бұған ішкі және сыртқы сұраныстың кеңеюі ықпал етті.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында биылғы он айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс өсімі тау-кен секторымен салыстырғанда қарқынды өсіп келе жатыр. Негізінен, бұл химиялық өнеркәсіп, машина құрылысы, металлургиялық өнеркәсіп өнімдері өндірісінің артуы есебіне негізделіп отыр. Атап айтқанда, өнеркәсіптік өндіріс өсімі еліміздің барша өңірінде байқалуда», - деді ведомоство басшысы.

Министрдің сөзіне қарағанда, өсімнің негізгі көрсеткіші Астанада (30,5 пайыз), Жамбыл облысында (32,3 пайыз) тіркелген. Ал Ақмола облысында өсім 17,9 пайызды, Алматы қаласында 15 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар