13:48, 13 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Биылғы 11 айда ЖКО салдарынан 218 кәмелетке толмаған жасөспірім мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статитиска және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша, республикада 2014 жылдың 11 айында 18 526 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
ЖКО салдарынан қаза болған 2 370 адамның 218-і кәмелетке толмағандар. Ал 23 462 жарақат алғандардың ішінде 4 264-і кәмелетке толмағандар.
ЖКО-да ең көп қаза тапқандар саны Алматы (440), Оңтүстік Қазақстан (389) , Жамбыл (192), Қарағанды облыстарында (184) және Алматы қаласында (179) тіркелді.