Биылғы 6 айда жол-көлік оқиғаларының көбі Алматы қаласы мен ОҚО-да тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жол-көлік оқиғалары негізінен Алматы қаласы мен ОҚО-да орын алды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Бас прокуратураcы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің мәліметінде хабарланды.

Биылғы 6 айда жол-көлік оқиғаларының көбі Алматы қаласы мен ОҚО-да тіркелді

«Жол-көлік оқиғалары көбінесе Алматы қаласында (2425), Оңтүстік Қазақстан облысы (1408), Алматы облысы (799), Шығыс Қазақстан облысы (580) және Жамбыл облыстарында (549) тіркелді», - делінген таратылған мәліметте.

Атап айтқанда, негізінен жылдамдықты асыру, жаяу жүргіншілер жолағынан жүру ережесін бұзу, жолдың қарсы жолағына шығу, cондай-ақ жаяу жүргіншілердің жолды рұқсат етілмеген бөлігінен қиып өтуі салдары жол-көлік оқиғаларына алып келеді.

2014 жылғы алты айдағы жол-көлік оқиғаларын және зардап шеккен адамдарды есепке алу мәліметтеріне сәйкес, еліміз бойынша 8608 оқиға тіркелді. 2013 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 8462-ні құрады.

Жалпы ЖКО-ның басым бөлігі жаяу жүргіншілерді соғып кету (3999), көліктердің соқтығысуы (2983), көліктің аударылуы (686) себептерінен орын алды.