Биылғы 7 айда 180 мыңға жуық көлік бірінші реттен техникалық тексеруден өте алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша техникалық қарап тексеруге 1 509 365 автокөлік құралы ұсынылып, оның ішінде 1 330 317 көлік техникалық қарап тексеруден өткен, ал 179 048-і (160 731 жеңіл автомобиль, 10 765 жүк көлігі, 5847 автобус) бірінші реттен техникалық тексеруден өте алмаған. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінен хабарланды.
None
None

2014 жылдың сәйкес кезеңінде бірінші реттен техникалық қарап тексеруден өте алмаған көліктің саны 218 мыңды құраған.

Бұл ретте, көпшілік жағдайларда техникалық қарап тексеруде анықталған теріс нәтиженің себептеріне тежеуіш жүйесінің (63 мың), рөлмен басқару тетіктерінің (16 мың), сыртқы жарық беру құралдарының (90 мың), қозғалтқыштың (16 мың) ақаулығы әсер еткен.

Барлық техникалық қарап тексеру орталықтары «Техбайқау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне қосылған, ол ақпараттың автоматты түрде тапсырылуы мен өңделуін жүзеге асырады.

Соңғы жаңалықтар