14:38, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Биылғы 7 айда еліміздегі құрылыс жұмыстары көлемінің динамикасы жағымды болды
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2010 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша еліміздегі құрылыс жұимыстары көлемінің динамикасы жағымды болды.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономикалдық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова айтты. «Жаңа нысандарды, оның ішінде тұрғын үй нарығындағы нысандарды тұрғызу есебінен 2010 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстары көлемінің динамикасы жағымды болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,1 пайызды құрады», деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, осыған орай құрылыс секторының нақты көлемінің индексі бойынша болжамдар 98 пайыздан 100 пайызыға дейін арттырылды.