Биылғы 9 айда ІЖӨ 5,7 пайызды құрады - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Алдын ала бағалаулар бойынша биылғы 9 айда ІЖӨ 5,7 пайызды құрады.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстан экономикасы өсімінің үрдісі сақталуда. Алдын ала есептеулер бойынша биылғы 9 айда ІЖӨ өсімі 5,7 пайызды құрады. Сыртқы факторлардың нашарлауы жағдайында еліміз экономикасының өсімі қамтамасыз етілді. Бұл бірінші кезекте ішкі көздердің есебінен орындалды»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылмен салыстырғанда ел ішінде инвестициялық белсенділік жандана түсті. Биылғы 9 айда негізгі капиталдағы инвестиция 7,9 пайызға артты. Бұл көрсеткіш 2009 жылғы дағдарыстан кейінгі ең жоғары өсім болып табылады.

«Үй шаруашылықтары тарапынан тұтыну көлемінің өсімі байқалып отыр»,-деді Е. Досаев.

Белгілі болғанындай, ағымдағы жылғы 9 айда қызмет көрсету саласындағы өсім 7,7 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар