Биылғы 9 айда көлікті мас күйінде басқарғандар 593 жол-көлік оқиғасын жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 726 ЖКО жаяу жүргіншілердің кінәсінен болды. Бұл туралы 2014 жылдың 9 айындағы Қазақстан жолдарындағы жағдайы туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статитиска және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің баспасөз қызметінен хабарланды.
«Статистика көрсеткендей, жол апатының болу себептері өзгеріссіз күйінде қалып отыр. Бұрынғыша олар көбінесе жол жүру ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілердің кінәсінен болып жатады. Атап айтқанда, жылдамдықты арттыру 4 278 ЖКО-ға себеп болса, жаяу жүргіншілер жолағынан өту тәртібін бұзу - 1 351, қарсы қозғалыс жолағына шығу - 992, сондай-ақ көлік құралын мас күйінде басқарғандар 593 жол-көлік оқиғасын жасаған»,- делінген комитет мәліметінде.
Сонымен қатар, 726 ЖКО жаяу жүргіншілердің жолдардың белгіленбеген бөліктерінен өтуі салдарынан болған.