Биылғы 9 айда коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 2,2 пайызға өсті

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 9 айда коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 2,2 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Биылғы 9 айда коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 2,2 пайызға өсті

2013 жылғы тоғыз айда тұрмыстық қызмет көрсету, сервис орындарын жалға беру бағасы 4,6%, өндірістік жайларды - 3%, сауда жайларын 2,8%-ға өсті.


Ағымдағы жылғы қыркүйекте 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда жалға беруде бағаның ең көп өсімі фотосалондар (17,1%), дәріханалар (8,8%), бильярд залдары (8,4%), өнеркәсіптік базалар (5,6%) бойынша қалыптасты.
Жерүсті ашық және жабық паркингтерді жалға беру 2,4%, автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша станцияларды - 1,1%, сондай-ақ барларды жалға беру 0,5% арзандады