18:52, 09 Қазан 2013 | GMT +5
Биылғы 9 айда өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға 3,4 пайызға төмендеді - ҚР Статистика
АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы тоғыз айда өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға 3,4%-ға төмендеді. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Ағымдағы жылғы қыркүйекте 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 4,1%, мал шаруашылығы өнімі - 2,5%-ға арзандады.
- «Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте баға бидайға 6,9%, қарақұмыққа - 5,5%, тарыға - 2,4%-ға төмендеді, ал сұлыға 7,5%, арпаға - 5,3%, жүгеріге - 3,8%, қара бидайға - 1,5%, күрішке - 0,4%- ға өсті», - делінген агенттік мәліметінде.
- Қияр 22,8%, қызанақ - 3,6%, картоп - 0,3%-ға арзандады, ал асханалық қызылша 7%, қырыққабат - 6%, асханалық сәбіз - 4%, басты пияз - 1,1%-ға қымбаттады. Баға күнбағыс тұқымына 14,7%, бұршаққа - 5,1%-ға өсті.
Бұған қоса, құс еті 8,8%, шошқа еті - 2,5%, ірі қара мал еті - 0,5%-ға арзандады, ал жылқы еті 1,6%, қой еті - 4,4%-ға қымбаттады. Баға жұмыртқаға 5,8%, шикі сүтке - 3,7%-ға төмендеді.