10:32, 23 Қазан 2012 | GMT +5
Биылғы 9 айда жалпы ішкі өнімнің деңгейі 5,2 пайызға өсті - Үкімет басшысы
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Бұл туралы бүгін биылғы 9 айдағы әлеуметтік экономикалық дамудың және бюджеттің орындалуының қорытындылануына арналған Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов мәлім етті.
«Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биылғы 9 айдағы жалпы ішкі өнім деңгейі 5,2 пайызға өсіп, шамамен 30 трлн. теңгені құрады.Негізгі салаларды қамтитын және жалпы ішкі өнімнің 68 пайызын құрайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,7 пайызды құрады. 9 айдағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 12,1 трлн. теңгеге өсті. Ол өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 0,5 пайызға жоғары»,- деді Үкімет басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығында жалпы өнім шығару көлемі 1,3 трлн. теңге деңгейінде қалыптасып отыр.