Биылғы 9 айында құқыққорғау органдарының пара алуына байланысты 15 оқиға тіркелген

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 9 айында құқыққорғау органдарымен пара алудың, оның ішінде аса ірі көлемде алғандарын қосқанда, 15 оқиғасы орын алды. Бұл туралы бүгін Астанада Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтің басшылығымен ведомствоның Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа әскерлері мен әскери құралымдарындағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңейтілген алқа мәжілісінің отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі.

Биылғы 9 айында құқыққорғау органдарының пара алуына байланысты 15 оқиға тіркелген

Бас әскери прокурордың пікірінше, мемлекеттік қорғаныс тапсырысына және әскерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік өкілетті органын құру қажеттілігінің уақыты келген.

«Ол, бірінші кезекте, әскери шаруашылық жүйесіндегі сыбайластыққа жол бермейді және әскерге жоғары сапалы өнімнің жеткізілуіне негізгі тапсырыс беруші ретінде - әскери бөлім командирлерінің мүдделілігін елеулі түрде жоғарылатады», - деп атап өтті Е. Мерзадинов.

Оның айтуынша, қазіргі кездегі қамтамасыз етудің моделі бойынша, кейбір командирлер әлі де болса «кәсіпкерлердің» ролін атқаруда.

Айта кету керек, жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абай Тасболатов және Жанат Жарасов, «Нұр Отан» партиясының, Бас әскери прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қоғамдық Кеңестің өкілдері, құқыққорғау және арнаулы органдардың, әскери ведомстволардың, аймақтық басқармалардың басшылары, әскери бөлім командирлері, аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлар қатысты.