Биылғы АЭФ «Жаңа энергия - жаңа экономика» тақырыбын қаузайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 15-16 маусым күндері Астана экономикалық форум өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы АЭФ «Жаңа энергия - жаңа экономика» тақырыбын қаузайды

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, форумның осы жылы негізгі тақырыбы - «Жаңа энергия - жаңа экономика». Форум аясында халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардың қатысуымен шамамен 20 панельді сессия, дөңгелек үстелдер және конференциялар жоспарланған.

Форумның негізгі тақырыптары арасында - әлемдік сауда және инфрақұрылым, тұрақты экономикалық өсу, инновациялар және «жасыл экономика». Іс-шаралар қатысушылары, сонымен қатар әлемдік экономиканың ағымдағы үрдістерін және жаһанды ынтымақтастықты бекітуді талқылайды.

Еске сала кетейік, Астана экономикалық форумы 2008 жылдан бастап Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп келеді және ірі халықаралық алаң болып табылады. Онда жаһанды қаржы-экономикалық жүйенің негізгі сын-қатерлері және проблемалары талқыланады, оны бекіту және дамыту бойынша нақты ұсыныстар шығарылады.