Биылғы ақпанда Аи-93 маркалы бензиннің бағасы 106 теңге деңгейінде болады - министрлік

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат  - ҚР Мұнай және газ министрлігінде ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және жанар-жағармайға бағаны қалыптастыру бойынша кезекті кеңес өтті.

Биылғы ақпанда Аи-93 маркалы бензиннің бағасы 106 теңге деңгейінде болады - министрлік

Аталған министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жиында қабылданған шешімге сәйкес, биылғы ақпан айына еліміз аумағында жанар-жағармайдың шекті-бөлшек сауда бағасы белгіленді.

Атап айтқанда, Аи-92 мен Аи-93 бензині литріне - 106 теңге, Аи-80 литріне - 86  теңге, сондай-ақ дизельдік отын - 90 теңге деңгейінде қалыптаспақ.