Биылғы ақпанда қаңтармен салыстырғанда жаңа пәтерлерді сату 0,9 пайызға артты

АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның тұрғын үй нарығында үстіміздегі жылдың ақпан айында бағалардың өскені байқалды,

Биылғы ақпанда қаңтармен салыстырғанда жаңа пәтерлерді сату 0,9 пайызға артты

деп хабарлады ҚР Статистика жөніндегі агенттігі.

«2011 жылдың ақпанында өткен аймен салыстырғанда жаңа пәтерлерді сату 0,9 пайызға, жайлы баспананы жалға алу - 1,3 пайызға, жайлы баспананы алып -сату - 1,8 пайызға, жайландырылмаған баспананы сату - 1,9 пайызға артты», - делінген таратылған ақпаратта.