Биылғы ақпанда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,4% құрады

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, өткен айда бағаның жоғарылауы етке 1,6 пайызға, қантқа – 1,4 пайызға, балық және теңіз өнімдеріне – 0,7 пайызға, жемістер мен көкөністерге – 0,6 пайызға, шайға – 0,5 пайызға, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитерлік өнімдерге – 0,4 пайызға, сүт өнімдеріне, мал майына, күрішке – 0,3 пайыздан тіркелді. Бағаның төмендеуі жармаларға 3,2 пайыз, күнбағыс майына – 1,3 пайыз, ұнға – 0,6 пайыз, жұмыртқаға – 0,2 пайыз деңгейінде белгіленді.
Баға жуғыш және тазалағыш құралдарға – 0,6 пайызға, шыны және қыш бұйымдарына 0,5 пайызға, жеке күтімге арналған тауарларға – 0,4 пайызға, киім және аяқ киімге – 0,3 пайызға, фармацевтикалық өнімдерге – 0,2 пайызға өсті. Бұдан бөлек, қатты отын түрі 1,3 пайызға, дизель отыны – 0,4 пайызға қымбаттады.
Баға деңгейі денсаулық сақтау, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігі қызметтеріне 1,3 пайыздан, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 0,6 пайызға, демалыс және спорттық іс-шаралар саласы, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру қызметтеріне – 0,2 пайыздан жоғарылады.
Тұрғын үй коммуналдық қызметтер саласындағы төлем тұрғын үй күтіміне 0,7 пайыз, ал қоқыс жинау – 1,1 пайыз деңгейінде өсті.