Биылғы алты айда елімізде жасалған баспана сатып алу-сату мәмілелері 7,8 пайызға артты
АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2013 жылдың қаңтар-шілде аралығында жасалған тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 101 мың 738-ді құрады.
Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.
Атап айтқанда, 2013 жылдың шілде айында баспананы сатып алу-сату бойынша тіркелген келісімдерінің саны 17 мың 975-ті құраған. Бұл оның алдындағы аймен салыстырғанда 15,9 пайызға артық.
«Ал 2013 жылғы қаңтар-шілде айларының аралығында тұрғын үйлерді сатып алу-сату бойынша жасалған келісімдердің саны 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8 пайызға артып отыр», - делінген баспасөз хабарламасында.