Биылғы «Алтын глобус» иегерлері анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анжелесте «Алтын глобус» марапатының 80-ші рәсімі өтті. Онда режиссер Стивен Спилберг пен актриса Кейт Бланшетт және актер Остин Батлер жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Стивен Спилберг «Фабельмандар» (The Fabelmans) фильмі үшін үздік режиссер атанды.

Фильмде Голливуд режиссерінің балалық және жастық шағы жайында айтылған. Картина үздік кинофильм номинациясында да жеңіске жетті.

Кейт Бланшетт «Тар» фильмінде Берлин филармония оркестрінің дирижері рөлі үшін үздік әйелдер рөлінде «Алтын глобусты» иеленді.

Актриса марапаттау рәсіміне қатыса алмады, өйткені ол қазір Ұлыбританияда киноға түсіп жатыр.

Остин Батлер Эльвис Пресли туралы «Элвис» (Elvis) фильмінде үздік ерлер рөлі үшін премия иегері атанды.

«Комедия/мюзикл» санатында үздік ерлер рөлі атағын ирландық актер Колин Фарелл «Инишерин баншиі» (The Banshees of Inisherin) фильмі үшін алды.

Бұл киноның сценарий авторы Мартин Макдона да «Алтын глобус» иеленді.

«Комедия/мюзикл» санатында үздік әйелдер рөлін сомдаған Мишель Йео «Барлық жерде бірден» (Everything Everywhere All At Once) фильмі үшін марапатқа ие болды.

Мексикалық режиссер Гильермо дель Тороның «Пиноккио» мультфилмі үздік деп танылды.

Үздік телесериал атағын «Тақтар таласының» приквелі - «Айдаһарлар үйі» (House of the Dragon) телехикаясы жеңіп алды.


Фото: Chris Pizzello/ Invision/AP

Соңғы жаңалықтар