Биылғы астық егісінің 99 пайызы жиналды
АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биыл еліміздегі астық егісінің 99 пайызы жиналды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі журналистерге Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев айтты.
«Бүгінде бункерлік салмақта 13,5 млн. тонна астық жиналды. Атап айтқанда, астық егісінің 99 пайызы жиналды», деді министр.
А. Күрішбаевтың сөзіне қарағанда, егістің орылмаған шамалы бөлігі Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Қызылорда облыстарында қалған.Министр жақын арада егіс алқаптарындағы жұмыс толығымен аяқталатынын айтып өтті.