16:43, 17 Тамыз 2022 | GMT +5
Биылғы астық түсімі қандай болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет бидай мен күнбағыстың өнімділігіне болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Есептік деректерге сәйкес және қалыптасқан және күтілетін агрометеорологиялық жағдайды ескере отырып, республиканың солтүстік жартысында жаздық бидайдың өнімділігі 2022 жылы көбінесе орташа көп жылдық мәнге жуық. Ал Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде орташа көп жылдық мәннен жоғары болады деп күтілуде.
Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл, Қызылжар және Аққайың аудандарында, Қостанай облысының Қамысты ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай және Алтай аудандарында бидайдың өнімділігі нормадан жоғары болып болжанады.
Қостанай және Павлодар облыстарында күнбағыстың өнімділіге 2022 жылы орташа көп жылдық мәнге жуық, ал Шығыс Қазақстан облысында орташа көп жылдық мәннен жоғары болмақ.