Биылғы бес айда бес мыңға тарта қылмыс тіркелді - Қаржы полициясы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір жарым жылда түрлі деңгейдегі 300-ге тарта басшылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті.
None
None

«2013 жылы Қаржы полициясында он мыңнан астам қылмыс тіркелді. Ал биылғы бес айда өндірісте бес мыңға жуық қылмыс тіркеліп отыр. Оның ішінде 27 пайызын ауыр және аса ауыр қылмыстар қамтыды. Барлық қылмыстардың ішінде 65 пайызы (1,5 жылда) экономикалық қылмыстарға қатысты, 21 пайыздан астамы сыбайлас жемқорлық қылмыстары болса, ал қалғандары өзге қылмыстарға байланысты. Өткен жыл мен биылғы бес айда келтірілген шығындар бойынша анықталған жалпы сома 290 млрд. теңгені құрады. Тергеу барысында қабылданған шаралар кезінде оның 157 млрд. теңгесін өтеу шаралары жүзеге асырылды», - деді ол.

М.Ахметжановтың сөзіне қарағанда, былтырдан бастап есептегенде бүгінде жемқорлық қылмыстары үшін түрлі деңгейдегі 300-ге тарта басшылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 22-сі - республикалық деңгейдегілер, 83-і - облыстық, сондай-ақ қалғандары қалалық және аудандық деңгейдегі басшылар.

Осы орайда ол бұрынғы екі облыстың әкімдері мен ұлттық компаниялардағы, ведомстволардағы бұрынғы лауазымды қызметкерлерге қатысты қозғалған қылмыстық істер қоғамдық резонанс тудырғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар