Биылғы бес айда елдің экспорт көлемі артқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы бес айда Қазақстанның сыртқы тауар айнылымы 51,3 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,7 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
None
None

Министрлік мәліметінше, қаңтар-мамыр аралығында еліміздің экспорт көлемі 59,1% пайызға өсіп, 34,2 млрд доллар болған. Аталған уақыт ішінде шикі мұнай экспорты - 91,2%, ферроқорытпалар - 61,1%, мыс және катодтар -25,3%, бидай - 61,3%-ға артқан. Аталған тауарлар әсіресе Италия (5759,4 млн доллар), Қытай (5114,7 млн доллар) және Ресейге (2668,7 млн доллар) көп экспортталған.

Ведомство хабарлауынша, бес айдағы импорт көлемі де 14,4 пайызға өсіп, 17,1 млрд долларды құраған. Оның басым бөлігі дәрілік заттар, мыс кендері мен концентраттары және қара металдардан жасалған өзге де бұйымдар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандық дрондарды экспортқа шығару жоспарланып отырғанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар