Биылғы бірінші тоқсанда ЖІӨ 4,5 пайызға өсті - Е.Досаев

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жалпы ішкі өнім 4,5 пайызға өсті.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкіметтің 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев айтты.

Министрдің атап өтуінше, әлемдік экономика мен сыртқы нарықтардағы белгісіздіктерге қарамастан 2013 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстан экономикасының оң өсімі қамтамасыз етілді.

«Алдын ала бағалау бойынша, елдің жалпы ішкі өнімі бірінші тоқсанда 4,5 пайызға өсті. Экономиканың 6 негізгі саласы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,7 пайызды құрады»,-деді ол.

Е. Досаевтың пайымынша, экономиканың өсуіне тұрақты макроэкономикалық ахуал септігін тигізген.

Соңғы жаңалықтар