Биылғы бөлінген квота жалпы білім беру грантының 34 пайызын құрайды
АСТАНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен брифингте аталған ведомствоның Дамыту стратегиясы департаментінің директоры Серік Ырсалиев биылғы квоталардың жіктелімін атап өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуына қарағанда, ағымдағы жылы сәйкес мамандықтар бойынша 30 пайыздық ауылдық квота, Қазақстан Республикасының азаматы емес қазақ ұлтының өкілдеріне арналған 2 пайыздық, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 1 пайыздық, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектерге, бала кезінен мүгедек және мүгедек балаларға арналған 0,5 пайыздық, жеңілдіктері мен кепілдемелері бойынша соғысқа қатысушылар және соғыс мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға арналған 0,5 пайыздық квота белгіленген. Бөлінген квота жалпы білім беру грантының 34 пайызын құрайды.