14:20, 20 Ақпан 2013 | GMT +5
Биылғы егістік науқанына астық тұқымы жетпей жатыр - Қазақстан фермерлері одағы
АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - 2013 жылдың егістік науқанына 110 мың тоннадан астам тұқым жетіспейді.

Қазақстан фермерлері одағының президенті Әуезхан Дариновтың айтуынша, аталған мәселені бүгіннен бастап шешпесе, көктемгі егістік кезінде фермерлердің жағдайы қиындайды. «Сондықтан біз бұл мәселені бүгін көтермесек, ертең астық егетін тұқым болмай қалуы әбден мүмкін. Осыған қатысты ешқандай шара қолданбаса, дәл егістік науқаны кезінде тұқымның бағасы алтыннан да қымбат болады. Әлбетте, шаруалардың ондай тұқымға ақшасы жетпейді», - дейді Ә.Даринов.