Биылғы екі айда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 21 млрд. АҚШ долларынан асып түсті
АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Биылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 21 231,5 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Агенттік басшысының сөзіне қарағанда, республиканың сыртқы сауда айналымы 2011 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 51,1 пайызға артты. Оның ішінде экспорт - 15 745,4 млн. долларды (52 пайызға артық) құраса, импорт - 5 486,1 млн. долларын (48,6 пайызға артық) қамтыды.