Биылғы қаңтар-қазанда республика халқының табиғи өсімі 215,9 мың адамға жетті

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 17 125,0 мың адамға жетті, соның ішінде қалалықтар - 9 422,0 мың (55%), ауылдықтар - 7 703,0 мың адамды (45%) құрады. 2013 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 215,2 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті.

Биылғы қаңтар-қазанда республика халқының табиғи өсімі 215,9 мың адамға жетті

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарлады.

Биылғы қаңтар-қазанда республика халқының табиғи өсімі 215,9 мың адамды (2012ж. қаңтар-қазанда - 203,9 мың адам) құрады. 1000 адамға шаққандағы табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 15,2 (14,6) адамды құрады.

Аталған мерзімде АХАТ органдарында 331,7 мың туылғандар тіркелді, бұл былтырғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 2,4%-ға арттық. 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 23,37 туғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде өлгендер саны 115,8 (119,9) мың адамды құрады немесе 2012ж. қаңтар-қазанға қарағанда 3,4%-ға кем. 1000 адамға шаққандағы өлімнің жалпы коэффициенті 8,16 өлгендерді құрады.

Биылғы қаңтар-қазанда республикада 1 жасқа дейінгі 3731 (2012 ж. қаңтар-қазанда 4427) нәресте өлімі тіркелді. 2012 ж. қаңтар-қазанмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 15,7% азайды. Нәресте өлімнің негізгі себебі перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар болып табылады.