Биылғы қаңтар-маусымда елімізде 293 786 жеңіл автокөлік тіркелді

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-маусымда республикада 293 786 жеңіл автомобиль тіркелді және бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,2 пайызға жоғары. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Биылғы қаңтар-маусымда елімізде 293 786 жеңіл автокөлік тіркелді

Аталған мерзімде көліктердің басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстан (41 мың) мен Алматы облыстарында (34 мың), Астана (23 мың) және Алматы (41 мың) қалаларында рәсімделген.

2013 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жеңіл автокөліктің қолда бар жалпы көлемі 3 650,8 мың бірлікті құрады.