17:17, 11 Шілде 2013 | GMT +5
Биылғы қаңтар-маусымда қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсуі 104,1 пайызды құрады - ҚР Статистика агенттігі
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2013 жылғы қаңтар-маусымда 2012 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 104,1 пайызды құрды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
2013 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2281,4 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы осы кезеңге қарағанда 7,9 пайызға артық.
- Аталған мерзімде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 8737,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 1,8 пайызға жоғары. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 2,2 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде 1,8 пайызға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру, сондай-ақ ауа баптауда 0,5 пайызға өсті. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс 11,9 пайызға төмендеді.
- 2013 жылғы қаңтар-маусымда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 510,3 млрд. теңгені құрады, нақты көріністе, 2012 жылғы қаңтар-маусымдағы деңгейден 1,4% артық.