Биылғы қаңтар-сәуірде ТМД бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері өсімінің қарқыны артты
АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - ТМД Статкомитетінің деректері бойынша 2013 жылғы қаңтар-сәуірде 2012 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда Достастық елдері бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері өсімінің қарқыны артты. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.
Орташа алғанда, бағалау бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 0,3% артты (2012 жылғы қаңтар-сәуірде - 2,9%), сондай-ақ негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі - 2,6% (12,6%), жүк тасымалдау көлемі (құбыр көлігінсіз) 1,7% (9,3%), бөлшек сауда айналымы - 5,4% (8,3%) өсті.