Биылғы қаңтар-сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 52 935 келісімшарт жасалды
АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 52 935 келісімшарт жасалды.
Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде хабарланды.
Биылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 16 378-ді құрады және өткен аймен салыстырғанда 40,1 пайызға артты.
«2013 жылғы қаңтар-сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату келісімшарттарының саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,2 пайызға өсті», - делінген агенттік деректерінде.