Биылғы қаңтар-шілдеде АХАТ органдарында 88 мыңға жуық неке тіркелді

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы қаңтар-шілдеде АХАТ органдарында 87,7  мың неке тіркелді.

Биылғы қаңтар-шілдеде АХАТ органдарында 88  мыңға жуық неке тіркелді

Олардың саны былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Некенің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 9-ды құрады. 27,9 мың ажырасулар тіркеліп 8,9 пайызға өсті. Ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 2,9-ды құрады.