Биылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3363,6 млрд. теңгені құрады
АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-тамызда қысқа мерзімді экономикалық индикатор өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104,3 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сатистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«Биылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3363,6 млрд. теңгені құрап, былтырғы сәйкес кезеңге қарағанда 2 пайызға артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръелерді қазуда өндіріс көлемі 2,9 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде 1,1 пайызға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру, сондай-ақ ауа баптау саласында 0,9 пайызға артты. Бұдан бөлек, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылауда өндіріс 13,8 пайызға төмендеді», - деді агенттік басшысы.