Биылғы қаңтарда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2009 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 31 пайызға өсті

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Биылғы жылдың қаңтар айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 5 млрд. 730,6 млн. теңгені құрады, сөйтіп 2009 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 31 пайызға өсті.

Биылғы қаңтарда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2009 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 31 пайызға өсті

Бұл туралы бүгін Астанада баспасөз мәслхатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, сыртқы сауда айналымының ішінде экспорт 4 млрд. 259,4 млн. теңгені құрап, 66,2 пайызға өссе, импорт 1 млрд. 471,2 млн. теңгені құрап, 18,7 пайзыға азайған. «2010 жылдың қаңтар-ақпан айларында бөлшек сауда тауар айналымы - 428 млрд. 897,7 млн. теңгені құрап, 2009 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 10,9 пайызға өсті. Есепті кезеңде көтерме сауда тауар айналымы - 852 млрд. 108,6 млн. теңгені құрап, 2009 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 11,9 пайызға артты», деді Ә.Смайылов.