Биылғы қаңтарда жұмысқа 90 мың адам қабылданды

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Биылғы қаңтарда жұмысқа  90,5 мың адам қабылданды. Бұл жайында Статистика агенттігі хабарлап отыр.

Биылғы қаңтарда жұмысқа  90 мың адам қабылданды

Жедел деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 2012 жылғы қаңтарда 90,5 мың адам қабылданды, сондай-ақ түрлі себептермен  77,2 мың адам жұмыстан кетті. Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 76,4 пайызды, ал қызметкерлер санының қысқаруына байланысты - 6,3 пайызды, басқа себептер бойынша  17,3 пайызы құрайды.

2012 жылғы қаңтар айында жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,9 пайызға, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,5 пайызға, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті  1,9 пайызға жетті. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 117,3 пайызды құрады.