15:45, 11 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Биылғы қарашада жұмыстан босату бойынша айналым 2,3 пайызды құрады
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жедел деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 2012 жылғы қарашада 72,7 мың адам қабылданды, түрлі себептермен - 73,7 мың адам жұмыстан кетті. ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 82,7%, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты - 0,9%, басқа себептер бойынша - 16,4% құрайды.

2012 жылғы қараша айында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,3%, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,3%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 2,0% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 98,6% құрады.