Биылғы қазан айында Қазақстан Республикасында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 14 752 теңгені құрады - Статистика
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010 жылғы қазанда Қазақстан Республикасында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 14 752 теңгені құрады.
Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарлады.
2010 жылдың қазан айында негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан орта есеппен есептелген халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі, өткен аймен салыстырғанда - 2,8 пайызға, ал 2009 жылдың қазан айына қарағанда - 12,1 пайызға өсті.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі - 18,6 пайызды, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаға - 14,5, жемістер мен көкөністерге - 16,2, нан және жарма өнімдеріне - 8,1, қант, шай және дәмдеуіштерге 2,6 пайызды құрады.
Қазан айында күнкөрістің ең төменгі деңгейі орта есеппен 14 752 теңге шамасында белгіленген болса, 0-13 жас аралығындағы балалар үшін ол - 12 946 теңгені; 14-17 жастағы жасөспірімдерге, оның ішінде ұлдарға - 18 361 және қыздарға - 14 067 теңгені; 18 жастан асқан, еңбекке қабілетті: ерлер үшін - 17 359 және әйелдерге - 13 768 теңгені; сондай-ақ зейнеткерлер мен қарт адамдарға 13 624 теңгені құрады.