Биылғы қазанда қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 85,5 пайызды құрады
АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Жедел деректерге сәйкес, ағымдағы жылғы қазанда ірi және орта кәсiпорындарға, сондай-ақ ұйымдарға 82,3 мың адам қабылданды, түрлі себептермен - 78,4 мың адам жұмыстан кетті. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде хабарланды.
Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 85,5%, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты - 3,1%, басқа себептер бойынша - 11,4% құрады. «Ағымдағы жылғы қазанда қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,5%, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,4%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 2,1% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 105,1% құрады»,-делінген агенттік мәліметінде.