Биылғы көктемгі егіс науқанын қаржыландыруға 40 млрд. теңге бюджеттік несие қарастырылды - ҚР АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көктемгі егіс науқанын қаржыландыруға Үкімет биыл 40 млрд. теңге бюджеттік несие бөліп отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
None
None

Атап айтқанда, өткен жылғыдай агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіру «ҚазАгро» ұлттық холдингінің еншілес ұйымдары арқылы жүзеге асырылады. Оның 14 млрд. теңгесі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен екінші деңгейлі банктер кепілдігімен астықтың форвардтық сатып алуын қаржыландыруға бағытталады. Сонымен қатар бюджеттік несие қаржысы микронесиелік ұйымдар арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржыландыруға және ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға бағытталады. Министрдің сөзіне қарағанда, егіс науқанында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жанар-жағармаймен қамтамасыз ету бағыты бойынша литріне 95 теңге көлемінде баға бекітілді. Осы орайда 360 мың тонна мөлшерінде жағармай жеткізіледі. «Нарықтық бағадан арзан дизель отынымен қамтамасыз ету шарасы бекітілді. Осы арқылы көктемгі егіс жұмыстарына барлық қажетті шаралар Үкімет тарапынан шешілді деп айтуға болады», - деді А. Мамытбеков

Соңғы жаңалықтар