Биылғы Құрбан айт жоғары деңгейде ұйымдастырылады - ҚМДБ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қауымының ұлық мерекесі - Құрбан айт мейрамын жоғары деңгейде, ұлттық нақышта атап өтеді.

Биылғы Құрбан айт жоғары деңгейде ұйымдастырылады - ҚМДБ

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы облыс, қала, аудан, ауыл имамдарына жолдаған ресми хатта мешіт аулаларына киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойын түрлерінен арнайы жарыстар өткізу, құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіру, қайырымдылық акциялар ұйымдастыру, т.б. шараларды жүзеге асыру қажеттігі айтылды.

Сонымен биыл еліміздің мұсылман қауымы Құрбан айтты 24 қыркүйекте тойлайды. Айта кетсек, бұл күні халқымыз Құрбан айттың құрметіне бір күн демалады, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметінен.