Биылғы қыста қар құрсауынан 10 мың адам шығарылды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Қыс басталғаннан бері Қазақстанның құтқарушылары қар құрсауынан 10 мыңға жуық адамды құтқарып, қауіпсіз жерге көшірді және 3,5 мың техниканы сүйреп шығарды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров мәлім етті.

Биылғы қыста қар құрсауынан 10 мың адам шығарылды - ҚР ТЖМ

«Биылдың тек 7-10 наурызы аралығында (елмізідің бірқатар өңіріндегі боранды күндері) 112 нөміріне азаматтардың тарапынан 80 мыңнан астам хабар келіп түсті. Олар қар құрсауынан шығару үшін көмек сұрады»,-деді вице-министр.

Оның айтуынша, құтқарушы бөлімдер іздестіру құтқару жұмыстарына 152 рет шығып, осы орайда 3 316 азамат пен 1 478 техника қауіпсіз жерге көшірілді. Бұның ішінде 31-і автобус.

«Қардың басып қалуынан адамдардың өліміне байланысты қайғылы оқиғаға жол берілген жоқ»,-деп түйді В. Петров.