Биылғы маусымда Қазақстан Республикасында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 13 965 теңге болды - Статистика

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010 жылғы маусымда Қазақстан Республикасында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 13 965 теңгені құрады.
None
None

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігі хабарлайды.

2010 жылдың маусымында негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан орта есеппен есептелген халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі, өткен аймен салыстырғанда - 6,8 пайызға, ал 2009 жылдың маусымына қарағанда - 4,3 пайызға өсті.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі - 18,9 пайызды, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаға - 15, жемістер мен көкөністерге - 15,2, нан және жарма өнімдеріне - 8,2, қант, шай және дәмдеуіштерге - 2,7 пайызды құрады.

Маусым айында күнкөрістің ең төменгі деңгейі орта есеппен 13 965 теңге шамасында белгіленген болса, 0-13 жас аралығындағы балалар үшін ол - 10 923 теңгені; 14-17 жастағы жасөспірімдерге, оның ішінде ұлдарға - 17 659 және қыздарға - 13 530 теңгені; 18 жастан асқан, еңбекке қабілетті: ерлер үшін - 16 701 және әйелдерге - 13528 теңгені; сондай-ақ зейнеткерлер мен қарт адамдарға 13 087 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар