Биылғы он айда Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің өсімі 5,8 пайызды құрады - ҚР Статистика агенттігі

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Биылғы он айдың қорытындысы бойынша Жалпы ішкі өнімнің өсімі 5,8 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.
None
None

«Соның ішінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,3 пайызға өсті, ауыл шаруашылығы 6,6 пайызға, көлік саласында қызметтердің көлемі 7,4 пайызға жоғарылады, байланыс саласында қызметтердің деңгейі 14,1 пайызға өсті. Сондай-ақ сауда саласында қызметтер 12,6 пайызға артты», - деді агенттік басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, қыркүйекте халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 55 мың 292 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 7,7 пайызға жоғары.

Мұнымен қоса, 2013 жылғы қазанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 105 948 теңгені құрап, 2012 жылғы қазанмен салыстырғанда 7,2 пайызға артты.

Соңғы жаңалықтар